Бұқара

Олардың бірі – қызтеке: киіз үйде ашық образда билеген жастар сынға ұшырады (ВИДЕО)

Түсірілім тобының сол үшін жазаланып, айыппұл төлеуге тиіс екені айтылды

Әлеуметтік желілерге киіз үйдің ішінде жұлқына билеген жастардың видеосы тарап, ол әрекеттері бірден көпшіліктің наразылығына тап болды.

Қазақ қоғамы ашық образдағы бишілердің өнерін қабылдай алмады. Өйткені олар жартылай жалаңаштанып, үстеріне қазақтың оюы бедерленген шолақ қамзол киіп алып, заманауи биді бар қарым-қабілеттерін сала орындап шыққан. Тіпті, олардың бірі – қызтеке, яғни ұл.

Көзі қарақты көрермен бұл түсірілімді тым ерсі санап отыр. Дәл осы ашық образбен оюлы қамзолды шешіп, киіз үйден тыс жерде билегендерін құп көреді. Көрермен мен ақшаны тез жинау үшін ұлттық құндылығымызды қорлап, мәдениет, ар-ұжданымызға нұқсан келтіру мақсатын көздеген деп санайды. Түсірілім тобының сол үшін жазаланып, айыппұл төлеуге тиіс екені де айтылып жатыр. Сондай-ақ оларды қолдап жатқан қара көздердің қазақы қалыптан кіндігі ажырап қалған дүбәра екендігі тілге тиек етілген.

Бәрін айт та бірін айт, енді бұл мәселеге қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігінің дереу бір үн қатуы керек-ақ.