Елде әлі 2,2 миллион адамның тұрмысы нашар
Халықтың 89%-ы қанағаттанарлық деңгейде өмір сүреді екен
Desht сарапшылары Отбасының цифрлы картасындағы ресми статистиканы тексеріп көрді.
Мамандардың айтуынша, бұл сауалнамаға негізделмеген жалғыз мемлекеттік мәліметтер базасы болып отыр. Мұнда жеке тұлғалар емес, үй шаруашылығы бақыланып, ресми кіріс пен несие, мүлік пен жер, автокөлік және қосалқы шаруашылықтар туралы деректерді тіркейді.
Олардың пайымдауынша, қанағаттанарлық деңгейде өмір сүретін отбасылар мына талаптарға сай:
- 2 ересек, 1-2 бала;
- Жалпы кірісі – 500-650 мың теңге;
- Пәтер аумағы – 50-75 шаршы метр, бір көлік;
- Үлкен қалада немесе облыстық маңызы бар қалада тұрады;
- Несиесі мен кәсібі жоқ;
- Екі ата-ана да (ересектер) жұмыс істейді немесе біреуі декретте.