Сот аудармашысының жалақысы жол шығындарын өтеуге жетпейді - депутат
Көршілес елдерде аудармашылар біздегі әріптестерінен 20 есе көп алады
Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында соттағы аудармашылардың сағатына 369 теңге алып жүргенін айтып, олардың жалақысын көтеруді ұсынды.
Сондай-ақ ол жалақының төмен болуына байланысты аудармашылардың сотта жұмыс істеуден бас тартатынын жеткізді.