Қазалының кәмпиттері Қытайға экспортталып жатыр
Цех тәулігіне 400 тонна өнім дайындайды
Қызылорда облысының Қазалы ауданында өндіріліп жатқан кәмпит экспортқа шығарылатын болды. Қытайдан сұраныс түскен.
Тәтті шығаратын ол цех тәулігіне 400 тонна өнім дайындайды.
Жалпы, былтыр Қызылорда облысынан 50 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі әлемнің 21 еліне экспортталған. Олардың түсірген таза пайдасы 28 миллион доллар болды.
Бүгінде сол Қазалы ауданында өндірілген 3 мың тоннадан астам өнім Еуропаның 6 мемлекетіне сатылған. Оның ішінде күріш, балық өнімдерімен қатар, ши, қамыс та бар. Аудан кәсіпкерлері ішкі нарықтан бөлек, шетелге тауар шығару бағытына басымдық беріп отыр.