Әмиян

Қазақстандық казинолардың жылдық табыстары жария етілді

Салық кезеңі – 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандық ойын мекемелерінің жыл сайын қанша табыс табатынын мәлім етті.

Мысалы, 2022 жылы ойын және бәс тігу қызметімен айналысатын салық төлеушілердің жалпы жылдық табысы 1 триллион 48 миллиард 900 миллион теңге болған.

Ескерте кетсек, Мемлекеттік кірістер комитетінде 2024 жылға арналған мәліметтер әлі жоқ, өйткені салық кезеңі – 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін. Алайда лотерея операторларының табысы – салықтық құпия.

Онда қазақстандықтардың ойын орындарында қанша ақша ұтылғаны туралы да ақпарат жоқ болып шықты.

Айта кетейік, елімізде тек Ақмола облысы Щучье ауданының аумағында және Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында казино қызметіне ресми түрде рұқсат етілген.