Құрбан айт қарсаңындағы сұрақ: Жабайы қабанның етін жеуге бола ма?
Арам етті жеп қойған адам дереу тәубесіне түсіп, бір жақсылық жасайтын болса, күнәсі жеңілдей түседі
Мұсылмандар үшін шошқаның еті арам саналады. Ал жабайы қабанның етін жеуге бола ма? Егер байқаусызда шошқа етін жеп қойса, не істеу керек? Бұл сұрақтарға дінтанушы, имам Нұрлан қажы Байжігітұлы жауап берді.
Сондай-ақ ол арам етті жеп қойған адам дереу тәубесіне түсіп, бір жақсылық жасайтын болса, күнәсі жеңілдей түсетінін еске салды.
Бұл – әлеуметтік желіде танылған «хит имамның» салмақты, салиқалы берген жауабы. Ал сөз соңын өзінің сол желілердің бірінде отырып берген кезекті жауабымен түйіндесек, «Дикий қабан, не дикий қабан, башбармак жеп, кола ішетін қабан болсын, бәрі харам, жәнім!».