Жетісайда піскен қарбыз Ресейге жөнелтіліп жатыр
Өнімнің артуына ағын суды үнемдеу мақсатында енгізілген тамшылатып суару әдісі сеп болған
Түркістан облысының Жетісай ауданында піскен алғашқы қарбыз Ресейге жөнелтіле бастады.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» қарбыз сорты сәуір айының басында Атамекен ауылдық округіне отырғызылған.