Билік

Президент инвесторларға кедергі келтіретін шенеуніктерге ескерту жасады

Мемлекеттік органдар пайдасы жоқ презентациялар мен іс-шаралар өткізумен әуестенбеуге тиіс, - деді ол

Президент Үкімет өкілдерін Қазақстан экономикасына 50 млн доллардан аса қаржы салуға дайын инвесторларды қолдауға шақырды.

Сондай-ақ ол инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты кедергілердің аймақтарда жиі болып тұратынын атап өтті.

Оның айтуынша, аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керек. Жалпы, барлық мемлекеттік орган ел экономикасына мейлінше көбірек инвестиция тартуға баса мән беруге тиіс.