Павлодар облысының сүт өнімдері ресейлік импорттың тасасында қалып барады
Бұл – жергілікті мәселе емес, барлық шекаралас аймақтарға әсерін тигізеді
Ресейдің арзан сүт өнімдері қазақстандық кәсіпкерлерге кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодардағы Достық үйінде өңір басшысы «Атамекен» ҰКП-ның төрағасы Райымбек Баталов және кәсіпкерлермен кездесті. Жиында бизнестегі өзекті мәселелер талқыланды.
Асайын Байхановтың айтуынша, облыста 140 мыңнан аса адам шағын және орта бизнесте, тағы 80 мың адам өнеркәсіпте еңбек етіп жүр. Облыс әкімі салада шешімін таппаған мәселелер барын жасырмады.
Сондай-ақ Райымбек Баталов қолайлы бизнес-климат құру маңызды екенін атап өтті.
Кездесуде көтерілген мәселелерді Павлодар облысының әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП сарапшылары қарауға алды.