Билік

Азық-түлік бағасын реттей алмай отырған әкімдерге ескерту жасалды

Бұл мәселені Серік Жұманғарин қатаң бақылауда ұстауы керек

Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинетінің отырысында әкімдіктер мен министрліктерге әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы көтерілсе, оған жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бұл ретте Үкімет басшысы соңғы 2 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жылдық мәнде баяулап, 9,3 пайызға тең болғанын алға тартты.

Оның айтуынша, бұл мәселенің әлеуметтік маңызы бар. Сондықтан ол өзінің орынбасары Серік Жұманғаринге мәселені қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.