Бұқара

Елімізде жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам адам ақша берген

Олар «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» сылтауын кедергісіз және бақылаусыз іске асырады

Биыл түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта тартылған. Сондай-ақ жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жіберген.

Жалпы жиналған қаржы көлемі – 6 млрд теңге, оның 33%-ында (2 млрд) алаяқтық белгілері бар. Әлеуметтік желілерде ұжымдық қаражат жинаудың қауіптері және оларды одан әрі мақсатсыз пайдалану анықталды.

ҚМА басшысы Дмитрий Малахов жұрттың «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз іске асыратынын атап өтті. Ал олар ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсаған.

Осылайша, жанашыр азаматтардың жақсы ниеті «жалған мұқтаждар» үшін оңай табыс көзіне айналып отыр. Сондықтан қаржы реттеушілері және екінші деңгейлі банктердің өкілдері ондай «мәдениетті қайыршылықты» (краудфандингті) реттеу бойынша заңнамалық шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Анықтама: краудфандинг – жобаларды, бастамаларды және стартаптарды қаржыландыру үшін қолданылатын ақша жинаудың инновациялық тәсілі.