СҚО жастары жалақысы көп жұмыс үшін Ресейге кетіп жатыр
Елден жыл сайын жастар ғана емес, орта буын өкілдері де кетуді жоспарлап жүр
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 10 жылда халық саны 45 800 адамға азайған. Осы аралықтағы көші-қон сальдосы – 54 500 адам, оның ішінде сыртқы көші-қон сальдосы – 23 800 адам. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, облыстағы сыртқы көші-қонның 70%-ы Ресейге тиесілі.
Айта кетсек, ресми статистика бойынша соңғы жылдары солтүстік облыстарда халық санының азаюы байқалады. Соның ішінде ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында.
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының мәліметінше, Қазақстаннан жыл сайын жастар ғана емес, сонымен қатар орта буын өкілдері де кетуді жоспарлап жүр. Соңғы 10 жылда елден 4 мыңға жуық адам кеткен.
Оның ішінде:
- жоғары білімі бар мамандар – 38%;
- кәсіби білімі бар мамандар – 34%.