Бұқара

Астаналық кәсіпкерлер салыққа табысының 2 пайызын ғана ұстауды сұрады

Бұл 2 пайыз – халықаралық тәжірибе

Астаналық кәсіпкерлер әкімдіктен бөлшек салық режимін жылдам енгізуді сұрады. Айтуыларынша, бұл жүйе ыңғайлы әрі әр кәсіпкердің табысын ашық көрсетуге мүмкіндік береді.

Мысалы, қазір еліміздің бірқатар өңірінде кәсіпкерлер табысының 2 пайызын мемлекетке салық ретінде төлеп отыр. Ал Астана мәслихаты 3 пайызға дейін ғана түсірген. Сала мамандары да, депутаттар да міндетті төлем көлемі азайса, жергілікті бюджеттің кірісі, керісінше, өседі деп отыр.