Билік

Жеңіс Қасымбек Астанада 6 жыл бойы қордаланған олқылықтың орнын толтырмақ

Жыл сайын 10-ға жуық орта білім ордасы тапсырылуға тиіс

Алдағы уақытта елордада 60-қа жуық балабақша салынады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сондай-ақ ол балаларға арналған оқушылар сарайын салу жоспары туралы айтты.

Оның айтуынша, алдағы 2 жылда қалада 50 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Содан кейін жыл сайын 10-ға жуық орта білім ордасы тапсырылуға тиіс.