Қазақ халқы жылқы етін тұтынудан рекордтық көрсеткішке жеткен
Орташа есеппен сиыр етін тоқсанына 6,61 келіден тұтынады екенбіз
2023 жылы төртінші тоқсанда Қазақстанда жылқы етін тұтыну орташа жан басына шаққанда 1,97 келіден келген. Бұл – 2011 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Жылқы етін тұтыну жыл мезгіліне байланысты өзгереді. Мысалы, 2022 жылы төртінші тоқсанда көрсеткіш 5% өскен. Бұл – 10 жыл бұрынғы қазан-желтоқсандағыдан 81%-ға көп. Соңғы жылдары жылқы етін тұтыну тұрақты түрде өсіп келеді.
Өткен тоқсанда статистикада көрсетілген еттің барлық түрінің ішінде жылқы етін тұтыну сиыр етінен кейін 2-орында тұрды.
Қазақстандықтар орташа есеппен 6,61 келі сиыр етін тұтынады. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7%-ға артық және 2015 жылғы рекордтық көрсеткіштен (6,68 келі) сәл ғана аз.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде бір жылда қазы мен жаяның қымбаттағаны хабарланған болатын.