Әмиян

Тасқын салдарынан малынан айырылғандарға өтемақы толық төленді

Өлген малдың жалпы анықталған саны – 12 450

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров су тасқыны салдарынан малынан айырылған қазақстандықтарға 1 млрд 200 млн теңге өтемақы төленгенін айтты.

Министрлік мәліметінше, бүгінде өлген малдың жалпы анықталған саны – 12 450. Барлық өлексе жойылып, залал 100 пайыз өтелген. Бұл ретте Қарағанды облысындағы мал шығынын демеушілер толық өтеп тастаған.

Айта кетсек, 7 сәуірде республикалық штабта суға кеткен мал шығындарын өтеудің алгоритмі бекітілген болатын. Сол алгоритм мен қағидаттарда шығынды бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеу көзделген.