ШҚО-дан – шетелге: жеке кәсіпкер тары-талқанды экспорттай бастады
Жоғымызды түгендесек, қазақ бұдан да құдыретті, бұдан да мықты ел болады, - дейді ол
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан қаласының тұрғыны Бірлік Мамырбек тары-талқан өндірісін жандандырды, деп жазды «Айқын» газеті.
Кәсіпкер осыдан оншақты жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. Кейін бауырларымен бірігіп, ұмыт болған өнімді шығара бастады.
Бүгінде тауар үлкен сұранысқа ие. Тіпті, Қазақстаннан бөлек, шет елдерге экспорттала бастады. Ал оған қажетті шикізат Зайсанда өседі.
Кәсіпорын күніне бидай, сұлы және тарының 3 тоннасын өңдеп, өнім шығарады. Қазір өндіріс ошағында 10 адам еңбек етеді.