Әмиян

Қазақстанда автокөлік бағасы 12-17% өседі - сарапшы

Қытай көліктері қазіргі Қазақстан автонарығының сатылым бойынша көшбасшылары Hyndai мен Chevrolet-ті басып озады, - дейді ол

Алматыда өткен «Қазақстанның автонарығы: аналитика, технологиялар, болжамдар» баспасөз мәслихатында Freedom Finance Global талдаушысы Аңсар Абуев 2024 жылы автокөліктердің бағасы қымбаттайтынын айтты, деп хабарлады Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетсек, 2023 жылы Қазақстанда 5,09 млн автокөлік тіркелген. Олардың 4,47 миллионы – жеңіл автокөліктер. Жыл басынан бері жеңіл автокөліктер 14,4% өскен десек, бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары нәтиже.

Аңсар Абуевтің болжамынша, енді көлік бағасы биыл 12-17% қымбаттауға тиіс.

Оның айтуынша, Қазақстанның автонарығындағы, сондай-ақ несиелеу, сақтандыру, автокөлік бөлшектерін сату сияқты ілеспе салалардағы негізгі трендтер қаралып, жалпы ахуал талданған.

Мысалы, 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 120,3 мың жаңа жеңіл автокөлік сатылыпты. Бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 60,5% көп. Осылайша, былтыр сатылған әрбір төртінші көлік – Қытай көліктері.