Астананың жалдамалы 770 пәтеріне жастардың бәрінің қолы жетпейді
Тұрғындардан 5 623 өтінім түскен
Астанада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жұмысы аяқталды.
Qatysu.zhilfond.kz порталына елорда тұрғындарынан барлығы 5 623 өтінім түскен. Ал сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді.
Азаматтардың өтінімдерінің статусы туралы ақпарат өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі.
Қорытынды zhilfond.kz сайтына жарияланады.