Өзіміздің өнім

Кәсіпкерлеріміз Иран мен Сингапурға өз тауарын кедергісіз шығара алады

Сингапурда Қазақстанның табиғи таза өнімдеріне қызығушылық бар

Сенат Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы, сондай-ақ ЕАЭО мен Сингапур арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялады.

Қазір Қазақстан мен Иран арасында тауарлардың шектеулі тізбесіне сауданың преференциялық режимі қолданылады. Ал бүгінгі келісім бажсыз сауда режимін 87-88 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Сингапур да келісім күшіне енгеннен бастап Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін барлық тауарға импорттық кедендік баждарды жояды.

Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікованың айтуынша, бүгінде Сингапурда тамақ өнімдері қымбат. Ол жақта Қазақстанның табиғи таза өнімдеріне қызығушылық бар. Сондықтан кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр.