Былтыр браконьерлер мемлекетке 13 млрд теңге шығын келтірген
Полиция қызметкерлері 300 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарын бұзушылармен күрес мәселесі туралы айтты.
Жалпы, былтыр полиция қызметкерлері 300 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Экологиялық құқықбұзушылықтар бойынша 304 сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Мемлекетке келтірілген шығын 13 миллиард теңгеден асады.
Әлішер Жармағамбетовтің айтуынша, балық пен сүтқоректілердің уылдырық шашатын көктемгі кезеңінде, алғашқы қардың күзгі кезеңінде және жануарлардың ерекше осалдығы кезеңінде қорғау жұмыстары күшейтіледі. Яғни, ІІМ «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді.